Астурия

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Навигацияға өту Іздеуге өту
Автономды бірлік,
аудан
Астурия
Principado de Asturias
Principáu d'Asturies
Ту Елтаңбасы
Ту Елтаңбасы

Asturias, Patria querida
(Астурия, сүйікті отаным)

Әкімшілігі
Әкімшілік орталығы

Овьедо

Президент

Франсиско Алварез-Каскос Фернандез (FAC)

Тарихы мен географиясы
Координаттары

43°20′ с. е. 6°00′ б. б. / 43.333° с. е. 6.000° б. б. / 43.333; -6.000 (G) (O) (Я)Координаттар: 43°20′ с. е. 6°00′ б. б. / 43.333° с. е. 6.000° б. б. / 43.333; -6.000 (G) (O) (Я)

Жер аумағы

10 603,57 км² (10 орын)

Тұрғындары
Тұрғыны

1 085 289 адам (2009)(13 орын)

Тығыздығы

102,35 адам/км²

Сандық идентификаторлары
ISO 3166-2 коды

0

princast.es

Астурия картада

Координаттар: 43°20′ с. е. 6°00′ б. б. / 43.333° с. е. 6.000° б. б. / 43.333; -6.000 (G) (O) (Я)

Астурия немесе Астуриялық княздік (ис. Asturias, Principado de Asturias, Үлгі:Lang-ast) —автономды бірлестік және Испания солтүстігіндегі аудан. Бискай шығанағының жағалауында орналасқан. Батысында Галисиямен, шығысында Кантабриямен, оңтүстігінде Кастилия және Леонмен шектеседі. Княжество атауының себебі, Испания тағы мұрагерлікпен астуриялық ханзадаға берілуі мүмкін. Әкімшілік орталығы - Овьедо. Ірі қаласы - Хихон. Ауданда өзінің тілі қолданылады - Астуриялық тіл, бірақ бұл тілдің ресми статусы жоқ.

Территория 10 603,57 км² (елдің автономды бірлестіктері ішіндегі жер аумағы бойынша 10-шы орында). Аудан территориясымен Кантабрий таулары өтеді.

Территорияның шығысында биіктігі 2648 метрге көтерілетін таулары бар ұлттық паркі орналасқан. Кантабрий таулары таудың басына өрмелеп шығуға, сайрандауға, шаңғы тебуге өте ыңғайлы. Жағалық сызығы ұзын, жүздеген жағажайы, айлақтары және табиғи үңгірлері бар. Астурияның жағажайларының көбісі құмды. Астурия «жасыл Испания» деп аталатын жерде орналасқан. Астурияның өсімдіктер дүниесі алуан түрлі. Негізгі ағаштар түрі емен, шамшат, шілік. Таулы жерлерде талшын ағашы да кездеседі. Астурияда 4 биосфералық қорығы, 5 ұлттық паркі, 10 табиғи қорығы, 10 табиғи территориясы және 35 табиғат ескерткіштері бар. Бұл табиғи желі ауданның жер аумағы бойынша үштен бір бөлігін құрайды. [1]

Астурия климаты, елдің басқа да солтүстік-батыс бөлігі сияқты оңтүстік бөлігіне қарағанда алуан түрлі. Климаты мұхиттық, жыл бойы жауын-шашын мол жауады. Жазы ылғалды, жылы. Қысы суық, әсіресе тауда, мұнда қар қазаннан мамырға дейін жатуы мүмкін. Жауын-шашын мен қар астуриялық қыстың өзіндік ерекшелігі. Бірақ жазда да, қаста да ауа температурасы бір қалыпты

Климаттық рекордтар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • Температуралық максимум: 36,4 °C (19 маусым 1998 жылы Хихонда және 7 қыркүйек 1988 жылы Овьедода)
  • Температуралық минимум: −10,4 °C (3 ақпан 1902 ж. Овьедода)
  • Күніне максималды жауын-шашынның түсуі: 149,6 мм. (26 қыркүйек 1987 жылы Хихонда)
  • Айына максималды жауын-шашынның түсуі: 387,2 мм. (Қазан 1992 жылы, Астурия әуежайы)
  • Желдің максималды жылдамдығы: 190 км/сағ. (Қараша 1978 жылы Овьедода)
  • Бір айдағы максималды жауын-шашын мөлшері: 29 (қазан 1972 жылы Хихонда)
  • Бір айдағы максималды түскен қардың мөлшері: 8 (қаңтар 1985 жылы в Хихонда)

Дерек көзі Ұлттық метеорологиялық институт. Институт тек Хихон, Овьедо және Астурия әуежайындағы мағлұматтарды ұсынады.

Гидрография

[өңдеу | қайнарын өңдеу]

Астуриялық өзендер қысқа, бірақ саны көп. Олар терең алқаптар арқылы Бискай шығанағына оңтүстіктен солтүстікке ағады. Өзендердің көбісі элетр энергиясын алу үшін қолданылады.

Ховельяностың портреті Гойяның жұмысы. 1798 жыл, Прадо Мұражайы

Адамдар қазіргі Астурия жерін төменгі палеолит уақытынан бері қоныстанып келеді. Жартастағы суреттердің жасы 30000 жылға жуық. Қола дәуірінде бұл жерлерде мегалиттер мен қорғандар салынған болатын. Темір дәуірінде Астурия территориясы кельттердің мәдениетті ықпалында болды. Астурия атының өзі келттік астурлар тайпасынан шыққан. Бүгінгі таңда кельттердің мәдени ықпалы географиялық өзен мен таулардың аттарында сақталып отыр.

Астурия территориясы б.з.б 29-19 жылдары Октавиан Август имперлаторлық еткен кезде Рим империясымен жауланып алынған болатын. Рим империясының құлауынан кейін бұл территория б.з. VI ғасырда Свевтармен және Вестготтар тайпаларымен жаулап алынған және осы тайпалардың ықпалында VIII ғасырдың басында арабтармен жауланғанға дейін болған.Бірақ арабтарға тауларда соғысу оңайға түскен жоқ. Сондықтан Испанияның солтүстік жағалауы ешқашан мұсылмандық Испанияның бөлігі болған жоқ. Керісінше VIII ғасырдағы араб басқыншылығы басталған кезде, бұл территория християндық ақсүйектердің баспанасына айналған, ал 711 жылы тәуелсіз Астурия Корольдігі пайда болды

Толық мақаласы: Астурия Корольдігі

Корлольдік Астурия болып 924 жылға дейін белгілі болатын, кейін ол Леон корольдігі болып аталды.

Толық мақаласы: Леон (корольдік)

Леон Корольдігі өз кезегінде 1230 жылы Кастилия және Леон Корольдігі болып қосылып кетті.

XIV ғасырдағы Энрике II көтерілісі нәтижесінде Астурия княздігі пайда болды. Бірақ бірқатар ұтыстарға қарамастан, соңыра кастильдік жаунгерлер өзіне бұл территорияны қайтарып алды. XVI ғасырда адам саны 100000 жетті, ал бір ғасыр ішінде америкалық жүгерінің өсірудің арқасында екі еселенді.

XVIII ғасырда Астурия испандық ағарту ісінің орталықтарының бірі болды. Ағарту ісінің дәуірінің қоғам қайраткері, жазушысы, заңгер, экономист Гаспар Мельчор де Ховельянос Хихон қаласында туды.

Өнеркәсіптік революция Астурияда XVIII ғасырдың 30-ы жалдары, көмір мен темірдің жүйелік қолданысы табылғаннан кейін басталды. Осы уақытта Америкаға қоныс аудару да басталды (атап айтқанда Аргентинаға, Уругвайға, Пуэрто-Рикоға, Куба және Мексикаға). Шетелде табысты болған адамдар отанына бай болып қайтып оралатын. Осы бай отбасылардың мұрасын қазір де көруге болады, аудан бойынша олардың виллалары көптеп салынған болатын.

Астурияда болған оқиғалар ақырында Испанияда болған азамат соғысының басталуына әсерін тигізді. 1934 жылы жұмысшылардың марксистік қозғалысы 1932 – 1933 жылдары басталған реформалардың жалғасуы үшін соғысты және Испания үкіметіне консерваторлық партиялардың өкілдерінің министр ретінде келуіне қарсы болды. 1934 жылы Астурияда 5 қазан күні болған көтерілістен кейін «жұмысшы-шаруа республикасы» жарияланды. Франсиско Франконың қол астында болған, көтерілісті басу үшін арналған әскер Мароккодан екі әкелінген болатын, екі апта соғыстан кейін көтерілісшілер қаруларын тастады. 1937 жылы Астурия территориясы азамат соғысы барысында көтерілісшілер әскерімен басып алынды. Республиканың толық жеңілісінен кейін және Франконың диктатурасы орнағаннан кейін Астурия «Овьедо ауданы» болып атанды. Княздіктің аты мен статусы тек 1977 жылы Испанияда демократияның қалпына келуінен кейін қайтарылды.

1982 жылы Астурия автономды бірлестік болды. Астуриялық аймақтық үкімет денсаулық сақтау, білім беру және қоршаған ортаны сақтау салаларында талассыз билікке ие.

Халқы — 1 085 289 (13 орын; 2009 ж.).

Астурияның қала халқының сандық өсуі 1991 жылдан бастап тоқтады. Сол кезден бастап халық санының кенеттен өсуі және төмендеуі орын алды, бірақ жалпы тұрақты болып қала берді. Бұл деректі келесі демографиялық факторлармен түсіндіруге болады:

  • Астурияның Испания бойынша адам өлімі саны ең жоғарғы көрсеткіке ие (1000 адамға 11,77 өлім) және төмен туылу деңгейі (1000 адамға 6,91 туылу)
  • Қала халқының басқа аудандарға көшуі, атап айтқанда Мадрид, Кастилия және Леонға.
Астуриялық княздігінің адам саны графигі
Дерек көз: Испанияның ұлттық статистика институты.
Instituto Nacional de Estadística de España

Ірі қалалары

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Орны Аты Тұрғын саны Орны Аты Тұрғын саны
Астурияның 20 ең ірі қалалары:
1 Хихон 264 093 11 Pola de Laviana 8 887
2 Овьедо 189 768 12 Pola de Lena 8 680
3 Авилес 79 320 13 Las Vegas 7 527
4 Лангрео 40 039 14 Градо 7 461
5 Mieres 24 890 15 Candás 6 836
6 Сан-Мартин-дель-Рей-Аурелио 14 308 16 Кангас-дель-Нарсеа 6 582
7 La Corredoria 14 163 17 Вильявисьоса 6 043
8 Lugones 12 495 18 Luanco 5 351
9 Pola de Siero 12 185 19 Норения 5 332
10 Piedras Blancas 9 544 20 Правиа 5 243
Дерек көз: Испанияның ұлттық статистика институты 2009

20 қаланың ішіндегі 17-і өздерінің муниципалитеттерінің астанасы. Lugones және Las Vegas қалаларында миниципалитеттерінің астаналарына қарағанда халқы көбірек. Ал La Corredoria қаласы халқы санынан Овьедодан кейін 2-ші орындағы қала.

Астурия княздігінің саясатты жүйесі және құрылымы, 1982 жылдың 30 қаңтарынан бастап күшке енген заңмен реттеледі. Заңмен сәйкес Астурия княздігінің басқару органдары үшке бөлінеді: Жалпы жиналыс, басқару кеңесі және президент. Жалпы жиналыс Астуриялық қалалардың және үкіметтің басшысы атынан үкім қабылдайтын заң шығарушы орган.

Жалпы жиналыс Астуриялық қалалардың өкілдерінен құралады. Оның міндеті:

  • Қалалардың бюджетін бекіту.
  • Басқару кеңесінің ісіне басшылық ету және бақылау.

Кеңес 4 жылға дауыс беру арқылы пропорционалды сайлау жүйесімен сәйкес сайланатын 45 депутаттан тұрады.

Жалпы жиналыстың сайлауларының нәтижелері:

Partido 1983 1987 1991 1995 1999 2003 2007
PSOE 26 20 21 17 24 22 21
PP 14 13 15 21 15 19 20
IU 5 4 6 6 3 4 4
CDS 8 2
CA 1
URAS/PAS 1 3 0 0
Total 45 45 45 45 45 45 45
[2][3]

Астурия президенттерінің тізімі

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Аты Билік уақытының басы Билік уақытының соңы Партиясы
1. Rafael Fernández Álvarez 1978 1983 FSA-PSOE
2. Pedro Cienfuegos-Jovellanos 1983 1991 FSA-PSOE
3. Juan Luis Rodríguez-Vigil 1991 1993 FSA-PSOE
4. Antonio Trevín Lombán 1993 1995 FSA-PSOE
5. Sergio Marqués Fernández 1995 1999 PP/URAS
6. Vicente Álvarez Areces 1999 2011 FSA-PSOE
7. Francisco Álvarez-Cascos Fernández 2011 осы күнге шейін FAC

Административті құрылым

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Астурия Комаркалары
Астурияның сотты аймақтары
Астурияның сайлау бөлімдері

Астурия княздігі 78 қауымға бөлінген, олардың заңды статустары муниципалитеттердікімен тең. Тағы, заңды түрде бекітілмеген комаркаларға бөліну орын алады.

Заңның көзқарасы бойынша Астурия, әрқайсысының астанасындағы бірінші дәрежелі соттарымен, 18 соттық ауданға бөлінген.

Сайлау үшін Астурия 3 сайлау бөлімшесіне бөлінген: батыс, орталық және шығыс. Орталыққа ең көп адам саны тиесілі.

Үлгі:Астурии аудандары

мыс кен орынының ашылуы (1940 жыл)

Ғасырлар бойы Астурияның экономикалық негізі ауыл шаруашылығы және балық шаруашылығы болатын. Бұл аймаққа сүт және сүт өнімдерін дайындау дәстүрлі түрде дамыған. Бірақ оның қатты дамуы 1960 жылдардың соңында экономикалық тұрғыда үлкен қосымша қиындықтар туғызды. Аймақтың қазірі жағдайларында негізгі өнеркәсібі көмір және болат өндіру болды. Франконың диктатурасы кезінде аймақ Испанияның металлургиялық өнеркәсіптің орталығына айналды. Кейін мемлекеттік металлургиялық компаниялары қазіргі ArcelorMittal-дың бөлімі Arcelor-мен жарым-жартылай жекешелендірілді. Өнеркәсіп көптеген жұмыс орындарын құрды, осының арқасында Испанияның басқа аудандарынан (атап айтқанда Эстремадура, Андалусия, Кастилия және Леон) көптеген қоныс аудару орын алды.

Қазір, қара металлургия тау-кен өндірісі сияқты бәсеңдеуде, себебі бұл өңірде көмір өндіру басқа аймақтармен салыстырғанда қымбатырақ түсуі. Ауданның экономикалық дамуы Испания бойынша орташадан төмен, дегенімен соңғы жалдары қызмет көрсету аясы Астуриядағы жұмыссыздық деңгейін төмендетуге ықпалын тигізді.

1986 жылы Астурия еуро одақтың инвестициясы жол салу және басқа да маңызды инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге жұмсалып жатыр. Сонда да ақшаның дұрыс жұмсалуына қатысты келіспеушілік бар. Мысалы, Шахтерлердің зейнетақысына.

Астурияның 2008 жылы 1 адамға шаққандағы ЖІӨ көрсеткіші € 22,640 немесе Еуропа бойынша орташадан (€ 25.100) 90,2 %-ы құрайды. Бұл көрсеткіш ауданға байлығы бойынша тек 12-і орынға ие болуға мүмкіндік береді. 1970-1980 жылдары бұл көрсеткіш Астурияның Оңтүстік Еуропадағы экономикасы ең жоғарғы аудандарының қатарына кіруге мүмкіндік берген. 2008 жылы экономикалық даму деңгейі 0,82 % құрады. Бұл Испания бойынша ең төмен көрсеткіш. Жақсы жағына, тек Испания бойынша ғана емес бүкіл Еуропа бойынша орташа көрсеткіштен төмен жұмыссыздықтың деңгейін 8,43 %-ы жатқызуға болады.

Астурияда ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың орталығы орналасқан. [4] Бұл коммерциялық емес мекеме, The Web Accessibility (веб-сайттарды тегін тексеру құралы) Test өндіру арқылы танымал.[5]

Экономикалық мағлұматтар

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  • ЖІӨ: 19609974 мың еуро
  • адам басына шаққандағы ЖІӨ: 18533 еуро
  • Халқының өсу қарқыны: 2,9 %
  • Фирмалар саны: 70115
    • Жалданбалы жұмысшыларсыз Компаниялар: 51,95 %
    • Микрокәсіпорын: 43,17 %
    • Шағын бизнес: 4,22 %
    • Орта бизнес: 0,53 %
    • Үлкен компаниялар: 0,13 %

Cәулет өнер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
San Julián de los Prados, Овьедо.
Амбар «Оррео».

Астурия бай сәулет-өнер мұрасына ие. Санта Мариа дель Наранко, Санта Кристина де Лена, Сан Мигель де Лильо секілді сәулет-өнер ескерткіштері Рамиро I и Сан Хулиан де лос Прадос во времена Альфонсо II кездерінде, римге дейінгі стильде орындалған.

Роман стилі де ізін қалдырған, оларға Сан Педро де Вильянуева, Сан Эстебан де Арамил Iglesia de San Juan шіркеулерін жатқызуға болады.

Готикалық стиль көп емес, дегенімен бар, мысалға, Овьедодағы Собор Сан Сальвадор.

Астурияда ең көп тараған стиль – Барокко стилі. Кампосагро, Веларде сарайлары және Ольоньего көпірі осы стильге жатады. Екіншісінде Астурияның әсем өнер мұражайы орналасқан.

1985 жылы ЮНЕСКО (ЮНЕСКО) келесі объектілерді Астурия корольдігінің ескерткіштері ретінде атады:

Сурет өнері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Хихон.

Астурияның әсем өнер мұражайында астурияның XX ғасырдағы келесі атақты суретшілерінің жұмыстарын көруге болады:

Астурияның ескі фотосуреттері бар бас мұражайы ол Museo del Pueblo de Asturias. Ең танымал фотосуреттер:

  • XIX ғасырда:
    • Feliciano Pardo Campos
    • José Fernández Cuétara
    • Ramón del Fresno
    • Fernando del Fresno
    • Ramón García Duarte
    • Jean David
    • Marceliano Cuesta
    • Luis Muñiz Miranda
    • Modesto Montoto
    • Baltasar Cué
  • XX ғасырда:
    • Javier Bauluz
    • José Ferrero

Астурияның атақты жазушылары:

2000 жылы Ресейде астуриялық поэзиясы алғашқы рет (1639—2000) жарық көрді. Мұнда алдында айтылып кеткен авторлардың жұмыстары жиналған. Редакторы padre Federicu Fierro Botas (Editu: Coleutivu Manuel Fernandes de Castro), аудармашылары Алексей Ещенко, Александр Мосинцев, Осип Черкасов.

Дәстүрлі ойын аспаптары үш түтіктен тұратын Астуриялық волынкасы, бір түтігі үрлеуге, қалған екеуі дыбыс шығаруға арналған. Мұндай аспап ұлттық билерде қолдынылады және барабан, аккордеон, кларнет сияқты аспаптармен бірге үн қоса алады.

Халық музыкасын әртүрлі формада білдіретін музыкалық ансамбльдер кең тараған. Бірақ Астурия княздігі астурия немесе кастиль тілінде өлең айтатын рок-топтарына да бай.

90-шы жылдары бүкіл Испанияда инди жанрына ұқсас альтернативті музыканың типі бой көтерді.

Көрнекті жерлері

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Сан Сальвадор Соборы Овьедо. 2005 жыл, наурыз
Астуриялық қойлар Picos de Europa.
Озеро Somiedo
  • Овьедо, Астурия астанасы: таза, сәулет-өнерінің мұрагері, көркем қала. Санта Мариа дель Наранко және Сан Мигель де Лильо — Астурияның алғашқы билеушілерінің кезінде, қаланың солтүстігіндегі Наранко тауында салынған римге дейінгі кезеңнің шіркеуі мен сарайы.
  • Хихон, Астурияның ең ірі қаласы, жағалаудағы қала, қалада өткен мәдениет және спорттық іс-шаралармен және жағажайлық туризммен белгілі.
  • Picos de Europa ұлттық паркі.
  • Ковадонгадағы дева Мария құрметіне салынған ғибадатхана және Лос-Лагос тау көлдері. Аңыз бойынша 8 ғасырда Богородица Астурияның християнды күштеріне араб әскерінің шабуыл уақытын көрсетіп, басқыншылардың аңдаусызда үстунен түсуге мүмкіндік берді. Испанияның бірігуі және Реконкиста дәл осы жерде басталды.
  • Астуриялық жағалау: Льянес белгілі жаздық курорт орны.
  • Овьедо қаласының шығысындағы ауылдар, өзінің бағаналарда көтерілген «Оррео» астық қоймаларымен өзгеше.
  • Кангас-де-Онистен оңтүстікте орналасқан Dobra өзені, өзінің өзгеше түсі мен әдемілігімен белгілі.
  • Льянестен шығыста орналасқан Buelna ауылындағы жағажайдағы құздың кертеш жерлерімен ерекше. Судың қайтуы кезінде жақсы көренеді.

Сілтемелер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Ортаққорда бұған қатысты медиа файлдар бар: Category:Asturias

Дереккөздер

[өңдеу | қайнарын өңдеу]
  1. Sistema de información ambiental del Principado de Asturias(SIAPA)
  2. http://www.mir.es Мұрағатталған 27 тамыздың 2009 жылы. Ministerio del Interior
  3. http://www.facc.info Federación Asturiana de Concejos
  4. CTIC Мұрағатталған 6 ақпанның 2009 жылы.
  5. TAW

Үлгі:Испания аудандары